ZHENOL

Сізге 2 бонус ашық

Кеңесте берілген кодты енгізіңіз

ZHENOL

Сіздің бонустарыңыз

Екі бонус, төрт құрал. Бәрі браузерде ашылады — ештеңе орнатудың керегі жоқ.

Құралдардың іші орысша Әр құралдың не істейтіні және оны қалай толтыру керегі осы бетте қазақша жазылған. Ішіне кіргенде жоғарыдағы «Бұл не?» түймесін бассаңыз, нұсқаулық қайта шығады.
БОНУС №1 Воронка конструкторы және экономика калькуляторы 100 000 ₸ТЕГІН

Воронка конструкторы

Лендингтің 15 блогын ретімен жазып шығасыз: бірінші экраннан соңғы шақыруға дейін. Қай блокта не тұруы керегін өзі айтып отырады.

  1. Блокты толтырасыз — әр өрістің қасында мысал тұр.
  2. Оң жақта макет қалай көрінетіні бірден шығады.
  3. 15 блок біткенде «Собрать лист» — Canva-ға арналған жинақ парағы жиналады.
НәтижесіCanva-да макет жинауға дайын мәтін, өлшем және түстер.
Ашу40–60 минут

Экономика калькуляторы

Жарнаманы қоспай тұрып санайды: осы бюджетпен, осы чекпен ақша шыға ма, жоқ па.

  1. Сол жақтағы өрістерді толтырасыз: бюджет, конверсия, чек.
  2. Оң жақта ROAS пен вердикт шығады.
  3. 200%-тен төмен болса — бұл жарнаманы қоспайсыз, алдымен санды түзейсіз.
НәтижесіҚосуға бола ма, жоқ па — нақты жауап. Және заявканың шекті бағасы.
Ашу10 минут
БОНУС №2 Креатив сценарийінің тренажёры және аудитория конструкторы 70 000 ₸ТЕГІН

Креатив сценарийі

Жарнама мәтінін бес бөлікке бөліп жазасыз: хук, назар, қызығушылық, құштарлық, әрекет. Бос параққа қарап отырмайсыз — әр бөліктің үлгісі қасында.

  1. Кімге айтатыныңызды, қандай ауыртпалықты шешетініңізді жазасыз.
  2. Әр бөлікке мәтін тересіз. Білмесеңіз — «+ примеры» дейсіз.
  3. «Собрать текст» — сценарий бір бөлікке жиналады.
НәтижесіДайын сценарий: көшіріп аласыз немесе файлмен жүктеп, түсірілімге бересіз.
Ашу20 минут

Аудитория конструкторы

Meta-да қандай аудитория жасау керегін нақты атымен береді — және қайсысын қоспау тізіміне салу керегін де.

  1. Не барын белгілейсіз: сайт, Instagram, WhatsApp, клиенттер базасы.
  2. Жобаның кезеңі мен айлық бюджетті таңдайсыз.
  3. Тізім дайын — «Скопировать чек-лист» деп кабинетке көшіресіз.
НәтижесіАудиториялардың аты, қоспау тізімі және кампаниялардың құрылымы.
Ашу10 минут

Үш нәрсені есте ұстаңыз

Телефоннан да ашылады, бірақ екі конструкторды компьютерден толтырған әлдеқайда ыңғайлы.

Жазғаныңыз осы браузерде сақталады. Бетті жапсаңыз да жоғалмайды. Бірақ басқа телефоннан немесе басқа браузерден кірсеңіз — бос парақ шығады.

Нәтижені бірден көшіріп алыңыз. Әр құралдың соңында «Скопировать» түймесі бар — өзіңізге WhatsApp-қа жіберіп қойыңыз.

© 2026 ZhenOL. Материал — ZhenOL меншігі. Көшіруге және таратуға болмайды.